РЕВАКЦИНАЦИЯҒА ДАЙЫНСЫЗ БА?

27 просмотров

1. Ревакцинация деген не?
Бұл — коронавирусқа қарсы вакцинаның үшінші дозасын салдыру немесе қайта вакцинациялау. Оны кейде бустерлік вакцина деп те атайды. Әдеттегі вакцинаның толық не жарты дозасы салынады.
2. Ревакцинация не үшін қажет?
Вакцина салғаннан кейін ағзада шамамамен үш апта өткенде коронавирусқа қарсы иммунитет пайда болады. Антидене вирусты анықтап, оған қарсы қалай күресу керегін біледі. Алайда уақыт өткен сайын ағзадағы антидененің мөлшері азайып, вирусқа қарсы қорғаныс нашарлайды. Мұның алдын алу үшін тағы екпе алу керек.
Бұған қоса, вакцинаны қайта салдыру В-лимфоцит, Т-лимфоцит және Т-жад жасушасын түзіп, вирустың әртүрлі штамымен күреседі.
Қазірде қалада ревакцинациялау 13 нүктеде жүргізілуде. Соңғы көрсеткіш бойынша 2592 азамат ревакцинация ектірген.
3. Қашан іске асырылады?
Ревакцинация 22 қарашада басталып кетті. Екі кезеңде өтеді.
4. Қанша уақыттан кейін ревакцинация жасалады?
Векторлық вакцина салдырғандар (Спутник) 9 айдан кейін (Sinopharm, CoronaVac, Hayat-Vax, QazCovid-in) немесе м-РНК-вакцина (Pfizer) ала алады. Ал инактивтендірілген Sinopharm, CoronaVac, Hayat-Vax, QazCovid-in) түрін алғандарға ревакцинация 6 айдан кейін векторлық (Спутник) немесе м-РНК-вакцина (Pfizer) салдырса болады. м-РНК-вакцина (Pfizer) салдырғандар инактивтендірілген Sinopharm, CoronaVac, Hayat-Vax, QazCovid-in) немесе векторлық (Спутник) вакцинаны жарты жылдан кейін алады. Сондай-ақ, ревакцинацияны бірінші курсты алған түрімен де алуға болады.
5. Ревакцинациядан кейін қалай күтіну керек?
Вакцина салдырған адам көпшілік ортадан бойын аулақ ұстай тұрғаны жөн. Себебі иммундық қорғаныс ағзаңызда бірден пайда болмайды.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.