РУХАНИ АСТАНА: Қала әкімі шаһардағы бірқатар маңызды нысандарды аралады

РУХАНИ АСТАНА: Қала әкімі шаһардағы бірқатар маңызды нысандарды аралады

13 просмотров

РУХАНИ АСТАНА: Қала әкімі шаһардағы бірқатар маңызды нысандарды аралады
Түркістан шаһарында бой көтеріп жатқан құрылыс нысандарының санында есеп жоқ. қала құрылысының мұндай жылдамдықпен жандануы келешекте рухани астананың Алматы сынды ірі мегаполис болатынын айғақтайтындай. Бүгінде аталған нысандардың барлығы жергілікті биліктің қатаң бақылауында. апта сайын құрылыс нүктелерін шаһар басшылары аралап, жұмыс қарқынына баға беріп отырады.
Қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков жауапты бөлім басшыларымен бірге қаладағы бірқатар құрылыс нысандарын аралап, атқарылған жұмыс барысын көрді. Шаһар басшысы көпқабатты тұрғын үй құрылыстарының сапасына ерекше назар аударды. Қазіргі таңда облыc орталығында 7,9 және 12 қабатты тұрғын үйлердің құрылысы жүруде. Нұрбол Әбдісаттарұлы үйлерді аралау барысында тұрғындар қуанышы үшін берілетін үйлерден ешқандай кемшілік шықпауы тиістігін ескертті. Сондай-ақ, жұмысты ширатуды да айта өтті. Бұл ретте, жұмысшы санын көбейту мәселесі де қозғалып, тиісті жұмыстар жүргізу тапсырылды.
Қала әкімі «Яссы» мөлтек ауданында абаттандыру жұмыстары жүретін «Тұран» саябағы аумағына да ат басын бұрып, тиісті бөлім басшысына жиылған құрылыс қалдықтарын тазартуды жүктеді.
Нұрбол Әбдісаттарұлы жол жиегін көгалдандыру, ағаштар мен көгалдар егу бойынша қысқа мерзімде нақты ұсыныстар күтетінін атап өтті. Қажетінше, қала экологиясын жақсартып, қаланы жасыл желекке бөлейтін жұмыстар тұрғындар мен қонақтар үшін маңызды екеніне тоқталды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.